ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2022 | 11:36
Бұрқасын және 34 градусқа дейін аяз. Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
"Түнде батыста ауа температурасы 10-22 градус аяз, оңтүстік-батыста 3-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аяз, орталықта 13-22 градустан 20 градусқа дейін төмендейді, шығыста 25-34 градус аяз, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус аяз, таулы аймақтарда 15-20 градус аяз болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также