Бүркіт пен Бейбіт Қорған салық органдарына қарыздар болып шықты

Бүркіт пен Бейбіт Қорған.

?аза?станды? ?ншілер Б?ркіт, Бейбіт ?ор?ан ж?не Тастан Асылбек салы? органдарында ірі к?лемде ?арызы бар адамдар ретінде тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?аласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық әншілер Бүркіт, Бейбіт Қорған және Тастан Асылбек салық органдарында ірі көлемде қарызы бар адамдар ретінде тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлік саласы, жер және мүлік салықтарына 7 миллиард теңгеден аса қарызы бар 250 мыңнан аса физикалық тұлғаның тізімі жасалды. Сондай-ақ, тізімде отандық әншілеріміз де бар. Мысалы, Бейбіт Қорғанның көлік салығы бойынша 178,6 мың теңге қарызы бар екені анықталды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, бұл тізімде әнші Бүркіт (шын аты - Айбек Жансейітов) бар. Оның көлік салығы бойынша 151 мың теңгедей қарызы бар. "Сұңқар" тобының солисі Тастан Асылбек болса, салық органдарына 17 960 теңге қарыз екен.

Реклама
Реклама

"Барлық салық төлеушіге салық қарызын төлеу туралы хабарламалар жіберілді. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тұлғаларға да әлеуметтік желілер арқылы қарызын төлеуі керектігі жайлы хабарламалар жіберіледі", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, департаменттегілер салық өтеудің мерзімінің 31 қазанда аяқталғанын, ал көлік салығының мерзімі 31 желтоқсанда аяқталғанын еске салды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама