Бұршақ, дауыл және аптап. Синоптиктер 11 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты

© pixabay.com

Алда?ы к?ндері елімізді? басым б?лігінде к?н ?аттыс ысты? болады. Біра? кейбір ??ірлерде жауын жауып, жел к?шейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн қаттыс ыстық болады. Бірақ кейбір өңірлерде жауын жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Атмосфералық фронттардың республика бойынша өтуіне байланысты кейбір жерлерде жауын-шашын жауып, найзағай тұрады. Еліміздің оңтүстігінде түнде және таңертең дауыл тұрып, батыс және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейбір облыстарда жел күшейіп, таңертең және түнде тұман болуы мүмкін", - дейді синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, күндіз бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысында дауыл тұрып, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп болжанады.

Жамбыл, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында күндізгі уақытта секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы жоғарылайды.

Маңғыстау облысында, Қызылорданың басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында өте ыстық болуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама