Бұршақ, дауыл және аптап: 29 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бұршақ, дауыл және аптап: 29 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 29 маусымда ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр болжанады. Шығыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қазақстанда 29 маусымда ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр болжанады. Шығыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - түнде +20...+22 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +26...+28 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл.

Алматы - түнде +21...+23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай.

Жарнама
Жарнама

Шымкент - түнде +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +33...+35 градус, көшпелі бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.

Ақмола облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. 30 маусымда жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде 22 жылы, 30 маусымда түнде 12-17, күндіз 22-27 жылы. Көкшетау - түнде
+16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +21...+23 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ.

Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 22-27 жылы. Қонаев - түнде
+22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 18-23 метр. Күндіз +36...+38 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай.

Жетісу облысы - облыстың шығысында, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. 30 маусымда жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 25, таулы аудандарында 13 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 28 жылы. Талдықорған - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр. Күндіз +36...+38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

Түркістан облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 33-38, таулы аудандарда 28 жылы. Түркістан - түнде +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +35...+37 градус, көшпелі бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.

Батыс Қазақстан облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 10-15 жылы. Орал - түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 9-14 метр. Күндіз +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Атырау облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 20-25 жылы. Атырау - түнде +14...+16 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай.

Маңғыстау облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 23-28 жылыға дейін көтеріледі. Ақтау - түнде +17...+19 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +22...+24 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ.

Ақтөбе облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 18-23, оңтүстікте 26 жылы. Ақтөбе - түнде +11...+13 градус, бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні секундына 11 метр. Күндіз +18...+20 градус, бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай

Қостанай облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр, 30 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 26 градус жылы. Қостанай -
түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Солтүстік Қазақстан облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы. Петропавл - түнде +16...+18 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20, екпіні секундына 25 метр. Күндіз +21...+23 градус. Бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Павлодар облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Павлодар - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Қарағанды - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Ұлытау облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 25-30 градус жылы, 30 маусымда түнде 15-20, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Жезқазған - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел
9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +26...+28 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.

Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың шығысында 15, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың шығысында 29 градус жылы. Өскемен - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 4-9, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +35...+37 градус қатты ыстық, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Абай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 17, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Семей - түнде +20...+22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +36...+38 градус қатты ыстық, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Қызылорда облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 27-32, облыстың солтүстігінде 23 градус жылы.Қызылорда - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Күндіз +30...+32 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 28 градус жылы.Тараз - түнде +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метр. Күндіз +29...+31 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама