Бұршақ және көктайғақ: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен Астанада 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы мен Астанада 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

5 сәуір – ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, найзағай болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C.

Реклама
Реклама

6 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 2-7 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

7 сәуір – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Астанадағы ауа райы болжамы

5 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, кейде 15-18 м/с дейін күшейеді. Түнде -2...0°C, күндіз +12...+14°C.

6 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 5-10 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +16...+18°C.

7 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.

Сонымен қатар, Алматы ТЖД 5 сәуірде қала тұрғындары мен қонақтарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шықпауға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама