01 қыркүйек 2023 11:35

"Бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды" - Тоқаев шенеуніктерге ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның туристік әлеуеті туралы айта келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қателіктерді қайталауға жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның туристік әлеуеті туралы айта келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қателіктерді қайталауға жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс.

Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram