11 шілде 2024 09:10

Бұрын-соңды болмаған жаңбыр және "Есентай" СО-дағы сорғының істен шығуы: Алматыдағы су басу салдарын жою туралы

Кеше Алматыдағы Каменск үстіртінде жарты сағаттың ішінде жауын-шашынның қалыптан тыс мөлшері жауып, "Есентай молл" сауда орталығындағы жерасты автомобиль туннелі су астында қалды. Жауын шашын көлемі орташа айлық нормадан едәуір асты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Алматыдағы Каменск үстіртінде жарты сағаттың ішінде жауын-шашынның қалыптан тыс мөлшері жауып, "Есентай молл" сауда орталығындағы жерасты автомобиль туннелі су астында қалды. Жауын шашын көлемі орташа айлық нормадан едәуір асты.

Сағат 18:30-дан бастап әл-Фараби даңғылындағы (Ж.Үшкемпіров көшесінің қиылысы) жаңбыр суы арық желісіне сыймай, даңғылдың жол бөлігіне қарай арнасынан шықты. Сағат 19:00-ден бастап нөсер жауынның суы әл-Фараби даңғылының жол бөлігіндегі көлік айрығының Шығыс және Батыс бұрылыстарына, сондай-ақ "Есентай" СОО қарсы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жайылды.

Алматы қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің күшімен көлік құралдарының қозғалысы бұрылыс аймағында шектетілді.

Реклама
Реклама

Бұрын соңды болмаған нөсерлі жауыннан көлік айрығының сорғы станциясының автомат құрылғылары істен шықты. Айта кетейік, сорғы станциясы "Есентай" СОО-ның балансында және ол қолмен қосылған.

Сорғылар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Туннельдерден су сору жұмысы қалыпты жағдайда жүргізілуде. Жұмыстарға қаланың коммуналдық қызметтері мен Құтқару қызметінің арнайы су сорғыш техникасы мен мотопомпалары қосылған.

Жаңбыр жауа бастаған сәттен су тасқынының алдын алу және оны жою, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін түстен кейін температура +29...+31 дейін көтеріледі және қысқа әлсін әлсін жаңбыр жауы ықтимал.

Алматы әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram