ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2024 | 08:32
Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сот бір жылға жуық бұрын қамауға алынған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот бір жылға жуық бұрын қамауға алынған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана соты Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, Марату Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 19 қыркүйекте ұзартылған. Бірден үш айға.
"Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді", - делінген жауапта.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іспен танысып жатыр. Танысқаннан кейін іс сотқа беріледі. Соттың нақты күні әлі белгісіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также