15 қаңтар 2022 | 16:03

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Жұмабай Қарағаев

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.

Жұмабай Қарағаевқа қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram