22 ақпан 2022 | 12:14

Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов 2 айға қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында. 

Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайтыны айтылды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная