Бұрынғы қорғаныс министрі Жақсылықов отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив пікір білдіріп, өз отставкасына қатысты сұраққа жауап берді.

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив пікір білдіріп, өз отставкасына қатысты сұраққа жауап берді.

"Өздеріңіз білесіздер, әрбір офицердің өмірінде ұжымы мен әскери бөлімнен кететін уақыт келеді. Отставкаға қатысты талқыламаймын, себебі бұл – Мемлекет басшысының шешімі. Орындау қажет міндеттер болды. Сол қойылған міндеттерді орындадым. Енді сәл демалып, әрі қарай жұмыс істейміз", – деді Жақсылықов.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама