28 қазан 2022 | 16:20

Бұрынғы министр Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын", - деді судья Әлкенов.

Санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айып бойынша судья Біртановты ақтады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Біртанов сотта соңғы сөзін айтты

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

11 қазанда Біртанов пен Әбішевке қатысты іс бойынша тергеу аяқталған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекеновтің сөзінше, мемлекетке 1 миллиард 548 миллион 136 мың теңге немесе 4 миллион 177 мың доллар көлемінде залал келтірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная