21 қыркүйек 2020 | 11:08

Бұрынғы СІМ жауапты хатшысы мен Өзбекстандағы экс-елшіге қатысты сот үкімі шықты

Анарбек Қарашев. Фото: mfa gov.kz

Нұр-Сұлтанда елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталған бұрынғы СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ, Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаевтың та сотталғаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соттың бұрынғы жауапты хатшы Қарашевтің әрекеттерін билікті теріс пайдалану деп санағаны айтылады. Оның серіктесі Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Өтембаев болған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сот алдына СІМ шаруашылық басқармасының бұрынғы директоры Сәкенова, басқарманың бұрынғы қызметкерлері Нұрекенов, Жұмасанова, ЖШС басшысы Кутдусов келгені айтылады.

Барлық сотталушыға қатысты сот айыптау үкімін шығарған.

"Сот Қарашев, Өтембаев және Нұрекеновтің алғаш рет жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.

Сәкенова, Жұмасанова және Кутдусов жасаған істеріне өкініп, кінәсін мойындады. Сәкенованың баласы бар.

Қарашев - 55 жаста, Өтембаев - 54 жаста.

Қарашев пен Өтембаевқа екі жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды (баптың санкциясы 7 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыруды көздейді).

Нұрекенов - 5 жылға, Сәкенова, Жұмасанова 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Кутдусовқа айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Барлық сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram