18 маусым 2024 | 09:23

Бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған: күдікті ұсталды

Видео кадры/Атырау облысы ПД

Атыраудағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасаған оқиға 9 маусымда болған. Үш айдан бері дүкенде оператор болып жұмыс істейтін Салтанаттың әріптестері "күйеуін бір-екі рет жұмысқа келгенде ғана көрдік, ерсі мінезін байқамадық", - дейді.

"Жеке таныс емеспін. Бірақ күйеуінің келіп жүретінінен хабарым бар. Ішімдік ішкенін де көрмеппін. Ал Салтанат жұмысына жауапты, ашық-жарқын келіншек. Жұмыста ешқашан ерсі қылық танытпады. Оқиғаның өзін бейнекадрдан ғана көрдім", - деді Салтанаттың әріптесі Наталья Пак.

Реклама
Реклама

Қазір 33 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланған. Дәрігерлер оның мойны қатты зақымданғанын айтты.

"Жағдайы тұрақты ауыр, себебі ашық мойын жарақаты болып тұр. Соған байланысты бір жақ қол-аяғы әлсіз, қозғалысы шектелген. Кешенді ем алып жатыр. Аты-жөнін де айта алмаймыз", - деді Атырау облыстық ауруханасының нейрохирург дәрігері Сабыр Демегенов.

Күдікті әйелге шабуыл жасаған соң оқиға орнынан тайып тұрған. Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

"Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деді қалалық полиция басқармасының бастығы Руслан Байтенов.

Әзірге ер адамның мұндай қадамға не үшін барғанын ешкім білмейді. Ал жәбірленуші есін жиған. Дегенмен дәрігелердің айтуынша, қимыл-қозғалысы қиын.

Кейін 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдікті ұсталды.

"Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде ер адам Ақтау қаласында ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деп жазылған мәліметте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная