07 ақпан 2023 | 16:23

Бұрынғы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов ақталды - адвокат

Дина Шарипханова Корреспондент
"Хабар 24"/видео кадры

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, бұрынғы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов ақталды. Шешімді Жоғарғы Сот шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, бұрынғы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов ақталды. Шешімді Жоғарғы Сот шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты бұрынғы жоғары шенді әскери қызметкердің адвокаты Әсел Тоқаева таратты. Оның айтуынша, Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығы бойынша Жанзақовты ақтап шыққан.

"Біз бұған төрт жылға жуық уақыт жұмсадық. Біз оның (Жандарбек Жанзақов – еск.) кінәсіз екенін дәлелдедік", - деді Тоқаева.

Реклама
Реклама

Жандарбек Жанзақов 2020 жылдың мамырында сотталған болатын. Ол әскери келісімшарттарды жасасу кезінде өз өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Әскери-теңіз күштерінің экс-басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылып, "вице-адмирал" шенінен айырылды және өмір бойына Қарулы Күштерде, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқара алмайтын болды. Сондай-ақ, мемлекетке 42 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная