ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2023 | 14:43
Бұрынғы вице-министр Тоқтабаевтың ісі бойынша мемлекетке бірегей кен орны қайтарылды
Мемлекетке бірегей никель мен кобальт кен орны қайтарылды. Ол бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтан алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекетке бірегей никель мен кобальт кен орны қайтарылды. Ол бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтан алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы "Шевченковское" бірегей кен орны қайтарылды.
Кен орнында никель (1,075 миллион тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 триллион теңгеден асады.
"Биыл 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада.
Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.
1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;
2. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
3. 2021 жылы шыққан "Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC" маркалы авто;
4. 2021 жылы шыққан "Bentley Bentayga V8" маркалы авто.
5. Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также