Бұрынғы вице-министрлердің ұсталуы: пәтерлерінен қомақты қаржы табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және пара беру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және пара беру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге ақпараттық қызмет көрсету кезінде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақы бергені анықталды.

28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізген. Осы кезде 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде бірнеше адам ұсталған. Олар:

Реклама
Реклама
  • Р.Омаров – "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-нің бас директоры,
  • А.Сарбасов – "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
  • Д.Арғандықов – "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.

"Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. 30 маусымда сот санкциясымен А.Сарбасовқа, Р.Омаровқа және Д.Арғандықовқа 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бұрынғы вице-министр ұсталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама