ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2023 | 10:35
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаға қатысты қарар қабылдады: Қазақстан қалыс қалды
БҰҰ Бас Ассамблеясында Украинаға қатысты қарар бойынша дауыс беру кезінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және басқа да бірқатар ел қалыс қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарар Ресейден Украинадағы әскерлерін толық шығаруды және соғыс қимылдарын тоқтатуды талап етеді, сондай-ақ украиналық "бейбітшілік формуласы" ережелерін біріктіреді.
193 мүше елдің 141-і резолюцияны қолдап дауыс берді, қарсы дауыс бергендер - Ресей, Беларусь, Сирия, Солтүстік Корея, Эритрея, Никарагуа және Мали.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және тағы 28 мемлекет дауыс беруге қатысқан жоқ.
Айта кетейік, Бас Ассамблеяның қарары міндетті заңды күшке ие емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также