19 шілде 2020 | 14:41

БҰҰ бас хатшысы: COVID-19-ды рентген суретімен салыстырады, себебі ол біз құрған қоғамның нәзік қаңқасындағы сынықтарды көрсетеді

©REUTERS

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Нельсон Манделаның туған күніне орай дәріс оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Нельсон Манделаның туған күніне орай дәріс оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндамадан үзінді БҰҰ сайтында жарияланды. Ұйымның бас хатшысы үндеуінің басым бөлігін коронавирус пандемиясына арнады. Ол планетада экономикалық және әлеуметтік проблемаларды инфекция одан әрі ушықтырды деп санайды.

Реклама
Реклама

"Микроскопиялық вирус бізді аяғымыздын тік тұрғызды. Пандемия әлемнің нәзік екенін айқын көрсетті. Дағдарыс біз онжылдықтар бойы елемей келген қауіп-қатерлерді шығарды: түрлі елдерде денсаулық сақтау жүйесінің жеткіліксіз деңгейде дамуы; әлеуметтік қорғаудағы олқылықтар; құрылымдық теңсіздіктер; қоршаған орта жағдайының нашарлауы; климаттық дағдарыс. Кедейшілікті жоюда және теңсіздікті қысқартуда елеулі прогреске қол жеткізген барлық аймақ санаулы ай ішінде көп жылға артқа шегінді", - дейді Антониу Гутерриш.

Гутерриш әлем Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болған экономиканың жаһандық құлдырауын және 1870 жылдардағы халық табысының ең ауқымды төмендеуін бастан кешіп отырғанын мәлімдеді. Пандемия кесірінен тағы жүз миллион адам кедейлік пен аштыққа ұшырап, тарихи ауқымға жетуі мүмкін.

"COVID-19-ды рентген суретімен салыстырады, себебі ол біз құрған қоғамның нәзік қаңқасындағы сынықтарды көрсетеді. Біз барлық жердегі қателіктер мен өтірікті анық көріп отырмыз: еркін нарықтық экономика барлығына денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге қабілетті деген өтірік; нәсілшілдіксіз әлемде өмір сүріп жатырмыз деген жаңылыс; барлығымыз "бір қайықта" жүземіз деген аңыз.

COVID-19 пандемиясы өмірімізде цифрлық технологиялардың рөлін одан әрі айқын көтерді, бірақ шара қолданбаса, сандық теңсіздік тек тереңдей түседі. Иә, біз барлығымыз бір теңізде жүземіз, алайда кейбіреуі осы сәтте яхтасында демалады, ал басқалары айналасында кетіп бара жатқан сынықтарға жармасады", - деді БҰҰ бас хатшысы.

Антониу Гутерриш Нельсон Манделаның сөзін келтірді: "Біздің заманның ең күрделі міндеттерінің бірі... халқымыздың санасында адам ынтымақтастығы сезімін қайта ұялату, осы әлемде біз бір-біріміз үшін және бір-біріміздің арқамызда өмір сүретінімізді сезіну".

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная