Buyers Union: ҚМА ауқымды операцияның егжей-тегжейін ашты

видео кадры

26 ақпанда ҚМА кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған Buyers Union қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 ақпанда ҚМА кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған Buyers Union қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.

"Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген.

Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10 пайыздық жарна төлеу болған.", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.

"Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 миллион теңгеден астам қаражат салған".

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама