13 мамыр 2024 09:17

Былтыр із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Былтыр желтоқсанда Алматы мен Шымкентте жоғалып кеткен ер адамдар өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр желтоқсанда Алматы мен Шымкентте жоғалып кеткен ер адамдар өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1976 жылы туған Бегімбетов Мұрат Жайлаубекұлы 2023 жылдың 30 желтоқсанында із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам Іле ауданы, Комсомол ауылы, Абай көшесі, 46-үй мекенжайындағы үйден шығып кетіп, оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адамның денесі 9 мамырда Алматының Алатау ауданында табылған. Басқа мәліметтер берілген жоқ.

Реклама
Реклама

1989 жылы туған Мәдібеков Руслан Ерғазыұлы 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында жоғалып кеткен. Сол күні ер адам Шымкенттегі токсикологиялық орталықтан белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Наркологиялық диспансерде және психикалық диспансерде есепте тұрған. Екінші топтағы мүгедек, денесінде күйік іздері бар.

"Табылды. Қаза болған", - деп хабарлады еріктілер. Басқа мәліметтер берілген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді