18 наурыз 2021 | 15:02

"Былтырғы жағдай қайталануы мүмкін". Дәрігерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады

Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамыз. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғадар көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Науқастар ауыр халде ауруханаға түсіп жатыр. 18 наурызда қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталды", - дейді көпсалалы медициналық орталықтың инфекция блогының дәрігері.

Жансақтау бөліміне тәулігіне 5 науқас түседі. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде жастағы адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіп тудырады, дейді Атығаева.

Реклама
Реклама

"Өткен жаздағы жағдай қайталанбас үшін, сондай-ақ өлімге әкелетін жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындардан сақтануды сұраймыз. Күн сайын сіздер мен біздің амандығымыз үшін жұмыс істейміз. Бірақ жағдайды тек дәрігерлер көмегімен реттеу мүмкін емес. Жауапкершілік маңызды рөл атқарады", - деді елорда дәрігері.

Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерлерінің айтуынша, инфекция жұқтырғандар саны әсіресе мереке күндерінен кейін артады. Адам көп жиналатын орындарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталмауынан науқастар саны айтарлықтай көбейген. Қала тұрғындары үшін бұл байқалмауы мүмкін, бірақ дәрігерлер жағдайдың күрт нашарлағанын бірден байқайды.

Өткен тәулікте, 17 наурыздағы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 186 жағдайы тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram