ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 13:22
Бюджет қаражаты желге ұшты - Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды тиімсіз пайдалану туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды тиімсіз пайдалану туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кейінгі 5 жылда бұл мақсатқа 2 триллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты желге ұшты, қаржының қайда жұмсалғанын тексеретін бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық нәтиже жоқ", - деді Тоқаев.
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді, халық пен шаруалардың өздерін де бұл іске тартуды тапсырғанын еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также