ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2021 | 09:02
Бюджет шығыны 1,3 триллион теңгеге ұлғаяды: Президент заңға қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда сайтында жарияланған хабарламада.
Бұған дейін Сенат депутаттары "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға түзетулер қабылдаған болатын. Республикалық бюджеттің шығындарына өзгерістер Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын қаржыландыру, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау, коронавируспен күрес және бұрын қабылданған міндеттемелерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажет болды.
Өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері: түсімдер - 12,5 триллион теңге; шығыстар - 15,3 триллион теңге; тапшылық - 2,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,5 пайызы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также