26 қараша 2021 | 15:31

Бюджетке қайтарылған ақша Қызылорда облысында балаларды мектепсіз қалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Қызылордада балаларға қажетті 900 орындық мектептің құрылысына бөлінген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жыл 2 маусымдағы хаттамасымен Қызылорда облысының Қызылжарма ауылдық округіндегі мектеп құрылысына 1,9 млрд теңге бөлінді, бірақ 4 айдан кейін ақша қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада балаларға қажетті 900 орындық мектептің құрылысына бөлінген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жыл 2 маусымдағы хаттамасымен Қызылорда облысының Қызылжарма ауылдық округіндегі мектеп құрылысына 1,9 млрд теңге бөлінді, бірақ 4 айдан кейін ақша қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының құрылыс басқармасы сол комиссияның хаттамасына сәйкес, бұл мектепті салу бағдарламасының әкімшісі болып облыстық білім басқармасы анықталғанын айтты.

"Мектеп салына ма, жоқ па белгісіз. Бұл мәселе білім басқармасының құзырында", - делінген министрліктің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бірнеше жылдан бері балаларының жаңа мектепте оқуы үшін әуре-сарсаңға түскен ауыл тұрғындары мұндай шешімнен кейін әбігерге түсті.

"Бес жыл ішінде жерлес депутаттардың, қала, облыс әкімдігі қолдауымен қыруар жұмыстар атқарылды, мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Қыруар қаржы игерілді, 2,6 гектар жер телімі бөлінді. Енді бұл ақшаның республикалық бюджетке қайтарылғанын білдік. Сонда осыған дейін жүгірген еңбегіміздің бекер кеткені ме?", - дейді Қызылжарма тұрғыны, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Қызылорда облысының білім басқармасы Nur Otan партиясының "Жол картасы" бағдарламасы аясында алдағы 5 жылда өңірде 30 мектеп салынатынын хабарлады. Бірақ Қызылжарма ауылдық округіне мектеп салу жоспарда жоқ.

Тұрғындар республикалық бюджеттен бөлінген қаржының қайтарылуына не себеп болғанын сұрау үстінде.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ауыл тұрғындарын толғандырған сауалға жауап берді.

"Мектеп салуға бөлінген ақша несие ретінде берілген. Биылғы жылы оның өсімі өсті, бұл облыс бюджеті үшін тиімсіз", - деді ведомство өкілі.

Шенеуніктер бұл мәселені шешіп жатқанда, қызылжармалық балалар сабаққа бару үшін 1-1,5 шақырым жолсыз жолмен жүруге мәжбүр. Қызылжарма ауылдық округіндегі 1200 орындық мектепте бүгінде 2620-ға жуық бала білім алып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная