24 қазан 2016 15:00

Біз 25 жылдықты қарияларымызды іздеуден бастадық - Асқар Бегманов

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қуатты өңір - қуатты Қазақстан" акциясының аясында қыркүйек айынан бастап Астанада өңірлердің дәстүрлі жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Өткен 22-23 қазан күндері елорда төрінде Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп, облыстың мәдениеті мен руханиятының көріністері астаналықтарды тәнті еткен еді. Жәрмеңке басында біз де облыстан келген аудандардың бірінің әкімімен сұқбаттасуды жөн көрген едік. Мағжандай тарланның атын иеленген ауданның атқарып жатқан істері көңілге қуаныш ұялатып, еліміздің ертеңіне деген сенімділікті нығайта түскендей, дейді BAQ.kz тілшісі.
 
Аудан әкімі Асқар Әбдіғалиұлы Бегмановтың биылғы еліміз бойынша ерекше шара - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ерекшелеп бастағаны бізді тәнті етті. Әрине, әңгіме әдеттегідей жәрмеңкенің топ ортасында болғандықтан, сөз басы содан басталары анық.


"Қуатты өңір - қуатты Қазақстан" акциясының аясында қыркүйек айынан бастап Астанада өңірлердің дәстүрлі жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Өткен 22-23 қазан күндері елорда төрінде Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп, облыстың мәдениеті мен руханиятының көріністері астаналықтарды тәнті еткен еді. Жәрмеңке басында біз де облыстан келген аудандардың бірінің әкімімен сұқбаттасуды жөн көрген едік. Мағжандай тарланның атын иеленген ауданның атқарып жатқан істері көңілге қуаныш ұялатып, еліміздің ертеңіне деген сенімділікті нығайта түскендей, дейді BAQ.kz тілшісі.
 
Аудан әкімі Асқар Әбдіғалиұлы Бегмановтың биылғы еліміз бойынша ерекше шара - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ерекшелеп бастағаны бізді тәнті етті. Әрине, әңгіме әдеттегідей жәрмеңкенің топ ортасында болғандықтан, сөз басы содан басталары анық.

"Біздің ауданымыз СҚО-дағы ірі аудандардың бірі. Бүгін міне өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай Астана қаласының тұрғындарына 30 сиырдың, 7 жылқының, 25 қойдың, 1,5 тонна құстың етін әкелдік. Оның сыртында 200 кг бал және біздің ауданның брендіне айналған Булаев майынан 20 тонна май алып келдік. Сонымен қатар өзге де дәнді-дақылдар алып келіп отырмыз. 40 тоннадай картоп, 20 тоннадан астам өзге де ауылшаруашылық өнімдерін әкелдік" - дейді СҚО Мағжан ауданы әкімі Асқар Бегманов.

Жәрмеңкеге келген аудан әкімінің айтуына қарағанда аудандағы жиын-терін түгел аяқталған. Биылғы өнім көлемі орташадан жоғары деуге болады.

"Жалпы биыл өнімді жақсы жинадық. Аудан бойынша жалпы дәнді-дақылдар 450 мың гектар жерге егіледі. Оның 350 мың гектары тек қана бидай алқабы. Биылғы өніміміз де тым жаман емес. Аудан бүгінгі таңда 100 пайыз жиынап бітті. Соңғы 15-20 күндегі ауа райының жайлылығы бізге қатты көмек болды. Бидайымыз тез пісті. Дегенмен аса көлемді астық науқаны болды деп айта алмаймын. Бірақ ортадан жоғары деңгейдегі өнім ала алдық", - дейді аудан басшысы.


© baq.kz

Егіншілікпен қатар мал шаруашылығында да өзіндік орны бар ауданның май өндіруде, бал өнімдерін өндіруде өзіндік қолтаңбасы бар. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев ауданының тағы бір ерекшелігі орман шаруашылғының дамығандығы. 89 мың гектар орман алқабында 6 орман шаруашылығы жұмыс істеп тұр. Ал асындай көлемді ауданның инфрақұрылымы да айтарлықтай дамыған.

"Нұрлы жол" бағдарламасы, "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасымен ауданымызға үлкен көлемде қаржы бөлінді. Сол қаржыны игеру арқылы 5 ауылымыз сумен қамтамасыз етілді. Әр үйге таза су кіргізілді. Сонымен қатар 800 млн теңгеге аудандық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл біздің аудан үшін өте үлкен көмек болды. Бұған дейін мұндай көлемді қаражат бөлінген емес. Бөлінсе де шағын ғана, аз ақша бөлінетін еді. Биылғы жолдардың жөнделгенін халықтың өзі көзімен көріп, ризашылығын білдірді. Соның негізінде 120 адам жұмыспен қамтамасыз етілді", - дейді аудан әкімі Асқар Әбдіғалиұлы.

Аудан көлемі үлкен болғанымен мұнда адам саны аз. Оңтүстікте, болмаса басқа өңірлерде үш ауысыммен оқитын мектептер, мұнда бала саны жетпей, бір ауысымның өзінде санаулы ғана оқушы оқитын мектептер бар.

«Біздің ауданда білім саласында кемшілік жоқ деуімізге болады. Себебі біздің ауданда апаттық жағдайдағы мектеп, үш ауысымдағы мектеп деген жоқ. Біздегі қорқыныш ол емес. Біздегі қорқыныш басқа. Ол – мектептердегі бала санының аздығы. Біз содан қорқамыз. Ауданымыздың 65-70 пайыз мектептері балаға толмаған. Халықтың азаюы салдарынан. Дегенмен бұл тығырықтан да ептеп шығатын боламыз. Себебі екі жылдан бері өңір басшысы ОҚО-мен жүйелі түрде жұмыс жасап, сол жақтан 200-дей отбасыны СҚО-на көшіріп әкелді. Бұл біз үшін үлкен көмек. Осы жанұялардың есебінен біздің мектептерде бала санын толтыруға болады", - дейді Асқар Бегманов.

СҚО-на көшіп келген 200 отбасының 18-і Жұмабаев ауданына келген. Олардың ортаға бейімделіп кетуі үшін де біраз уақыт керек. Алайда аудан әкімінің өзі де сол Оңтүстік өңірдің азаматы болғандықтан бұл ешқандай қиындық тудырмайды дейді.

"Оларға ең әуелі біз емес, мемлекет көмектесіп жатыр. Көшуіне, үй сатып алуына мемлекет арнайы қаржы береді. Мысалы отағасына 100 мыңнан жоғары ақша берілсе, отбасы мүшелеріне 74-75 мың теңгеден бір реттік көмек беріледі. Мысалы балалы отбасы болса ақшаны көбірек алады деген сөз. Сонымен қатар, біз оларды тегін үйге кіргізуге тырысамыз. Егер біз ұсынған үй ұнамай қалса, өз беттерінше күн көруге мүмкіндігіміз бар дейтін болса жаңағы мемлекеттен алған көмегіне үй сатып алуларына болады. Ал егер, қолдарынан іс келіп, шаруашылықтарға жұмысқа орналасар болса, сол шаруақожалығы соларға арнап үй сатып алуға міндетті. Бізде басқа өңірлерге қарағанда баспана арзан. 200-300 мың теңге көлемінде барлық қоражайымен, аз болса да бау-бақшасы бар үйге қол жеткізуге болады", - дейді аудан әкімі.

Ауданнан өзге жаққа көшіп кетушілер көп. Оған басты себеп аудан халқының түрлі ұлт өкілдері болуынан. Әрине, ешкіммен-ешкім араздасып көшпейді. Бірақ атажұрттарына, бізге қайта оралған оралман ағайындарымыз секілді, олар да өздерінің тарихи отандарына көшіп кетеді. Немесе жастар оқуға қалаға барып, сол жақта тұрақтап қалады.

"Егер пайызбен есептер болсаңыз, өздеріңіз білетіндей Солтүстікте қазақтың саны аз. Біздің ауданның өзінде 32 ұлт тұрады. Мысалы елімізде сирек кездесетін ұлттар біздің ауданда тұрады. Солар әуелі өздерінің атажұртын іздейді. Ал біз мұндай адамдарға тосқауыл бола алмаймыз. Ал жұмыссыздықтан кетіп жатыр деген көзқараспен келісе алмаймын. Себебі жұмыс орны бар. Тіпті мемлекеттік қызметтің өзінде қазіргі жағдайда бос жұмыс орны бар. Кім келіп жұмыс істеймін дейді, біз тек қана мүмкіндік жасап береміз" - дейді өңір басшысы.

Солтүстіктің 5 айлық қысына төзіп, үш айлық өнім кезінде өндіре жұмыс істеуге үйренгендер ғана бұл өлкені табыс көзі ретінде пайдалана алады. Еліміздің астықты астанасына айналып келе жатқан Солтүстік Қазақстан өңірінде тәуелсіздіктің 25 жылдығы да өз деңгейінде аталып өтіліп келеді. Соның ішінде Жұмабаев ауданының атқарып жатқан істері көңілге қуаныш сыйлайды.

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларымыз өте көп. Ең әуелі қарттарымыздан бастадық. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ауданымыздан шыққан қарияларымызға құрмет көрсету мақсатында көзі тірі қарттарымызды түгендедік. Сонда 74 қариямыз аудан көлемінен тысқары жерде жүр екен. Біз жыл бойы осы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің жағдайын біліп, қандай мұқтаждықтары бар екен соны өз көзімізбен көру мақсатында аудан әкімшілігі жанынан арнайы комиссия құрдық. Қариялар жас кезінде біздің ауданның көркеюіне, өркендеуіне өз үлестерін қосты ғой. Енді жастары егделегенде керексіз болып қалмасын деген ниетпен жасалған шара бұл. Әуелі біз олардың құжаттарынан бастадық. Себебі қарияларымыздың көбінің денсаулығына байланысты, асыраушысынан айырылып, жалғызбасты болып қалуына орай құжаттары дұрыс болмай жатады. Біз осы олқылықтың орнын толтыруға тырыстық. Қарияларымыздың алды осыдан үш күн бұрын 95 жасқа толды. Тайынша ауданындағы қариялар үйінде тұрады екен. Біз жаңағы қарияларға көмек беру, олардың мұқтаждығын тыңдау, іздеу салу барысында ол кісіге де барып, көңілін аулап қайттық. Сонымен қатар, 25 жылдыққа 25 игі іс бастамасымен ауылдық жерлерде халыққа керек, жастарға керек дүниелерді қолға алдық. Ол - заманауи футбол алаңдары. Қазіргі таңда 8 ауылда осындай алаңдарды іске қостық. Және қысқы маусымға арнап 29 хоккей алаңын дайындап қойдық. Сонымен қатар аудан кәсіпкерлері бірінші сыныпқа енді барған бүлдіршіндеріміз үшін 3 млн 200 мың теңге жинап "Нұр Отанмен" бірлесе отырып жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға мектепке керек құрал-жабдықтар мен киім-кешектер алып берді. Бұған дейін де бұл үрдіс бар еді. Бірақ биыл 25 жылдыққа орай ерекше белсенділікпен аталып өтілді", - дейді аудан әкімі.

"Жетім көрсең жебей жүр" деген аталы сөзді аудан атқамінерлері де ұмытқан емес. Әрбір әкімшілік қызметкері ол қашан оң-солын танып, есейіп-ер жеткенше бір-екі жетім баланы өз қарамағында ұстайды. Оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытады.

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қолға алынған игі істердің бірі жетім балаларға көңіл бөлу. Ауыл азаматтары бірлесе отырып аудандағы жетім балалар үйіне үлкен көмек жасады. Бұрынғы кезде баланың жаманы жетім балалар үйінен шыққандар деген түсінік бар еді. Қазіргі кезде олардың да қоғамның бір мүшесі екенін, осы елдің бір азаматы екенін танып өсуіне барлық жағдай жасалды. Біз әрқашан олардың толыққанды азамат болып қалыптасуына көмек көрсетіп келеміз. Аудандағы жетімдер үйіне болмағанда үш айда бір рет барып, көңіл бөліп отырамыз. Ауданымыздағы кәсіпкерлердің барлығы жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балардан бір-екі баланы өз қарамақтарына алып, олардың өзге жаққа кеткенінше бақылауында ұстайды", - дейді аудан әкімі сөз соңында. (Дереккөз: BAQ.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети