03 желтоқсан 2021 | 20:03

Біз атом электр станциясын саламыз - Назарбаев

Фото: elements.envato.com

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Салынатын орны мен мердігерді таңдау мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Салынатын орны мен мердігерді таңдау мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бәрібір атом станциясын саламыз. Мердігер мен технологияны таңдау керек. Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және америкалық компаниялар да зор ықылас білдіріп отыр. Енді біз мұны қайда салу керегін қарастырамыз.

Бүгінгі таңда бізде электр энергиясы артық. Берер жер таппаймыз. Мұнай, газ, көмір елі. Бірақ атом станциясы құрылысына 7-8 жыл қажет болғандықтан, сол кезде тапшылық пайда болады", - деді Назарбаев "QAZAQ: Алтын адамның тарихы" сегіз сериялы жобасында америкалық кинорежиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында.

Ол Ресей билігі атом электр станциясын салғысы келетінін және Қазақстан басқа елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр ма деп үнемі сұрайтынын нақтылады.

Реклама
Реклама

"Бізде қайда және қашан салу керегін қарастыратын комиссия бар. Бүгінгі таңда бұл бірінші мәселе емес. Бірақ біз құрылыс жүргіземіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная