07 қазан 2021 13:41

Біз COVID-19 инфекциясының ең қауіпті толқынынан өттік - Алматы әкімдігі

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны төмендеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны төмендеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 25 тамыздан бастап Алматыда коронавирустың күнделікті өсуі 1,16-дан 0,2 пайызға дейін төмендеген. Жалпы алғанда, қалада инфекцияның төмендеуі шамамен 74 пайызды құрады. Сондай-ақ, биылғы жылдың басынан бері 152 мыңнан астам КВИ  тіркелгені атап өтілді. Оның ішінде тек 19 шілде мен 6 қазан аралығында 85 мың жағдай тіркелген.

"2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында Ухань штамымен байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде "альфа" штамы, 19 шілдеде "дельта" штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды. Қазір біз осы толқыннан шықтық", - деді Бабақұмаров.

Реклама
Реклама

Ол 29 шілдеден 25 тамызға дейін Алматыда ауру жоғары деңгейде болғанын айтты (1500-1600 жж.). 26 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін инфекция 423 жағдайға төмендеді. 

"Салыстырмалы талдау мынаны көрсетеді: егер бірінші толқын кезінде Алматыда тәулігіне ауру жұқтырғандардың саны 250 болса, екінші және үшінші толқындарда ол шамамен 400 бен 700-ге жетті, ал дельта штамы кезінде инфекция жұқтырғандар саны тәулігіне 1600 болды", - деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, "дельта" штамы кезінде жедел жәрдем шақыртушылар саны екі есе көп болған. Күніне төрт мыңнан аса жедел жәрдем шақыртылған. Олардың 45 пайызы КВИ және ковидті пневмонияға байланысты. КВИ-дің төртінші толқыны кезінде стационарларға емдеуге жатқызу деңгейі бес еседен аса өскенін айтты Бабақұмаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram