ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2024 | 11:05
"Біз шақырдық, ол келді" - цифрлық даму министр Дуровтың Астанаға сапары туралы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ВКонтакте және Telegram әлеуметтік желісін құрушы Павел Дуровтың Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ВКонтакте және Telegram әлеуметтік желісін құрушы Павел Дуровтың Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент кулуарында Мәдиев Дуров Астанаға не үшін келгенін түсіндірді.
"Біз шақырдық, ол келді. Менің ойымша, ол мұнда үш күн болады. Павел Дуров Astana Hub-ты көрді, оған цифрландыру министрлігін, Астана халықаралық қаржы орталығын және басқа да ұйымдарды көрсетуді жоспарлап отырмыз. Біз қонаққа технологияны жақсы қолданатынымызды көрсеткіміз келеді ғой, бұл тұрғыда жақсы ілгерілегенімізді түсінсе дейміз", - деді Жаслан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда экспортқа шығаруға болатын өнімдер бар. Бұл сұрақ та танымал кәсіпкермен талқыланатын тақырыптардың біріне айналған.
"Біз адами капиталға, білімге көп көңіл бөлеміз. Менің ойымша, бізде көрсететін дүние көп. Қазір біз пікір алмасып жатырмыз. Менің ойымша, ол да (Дуров - еск.) бізден бір нәрсе алып, трендтерді зерттей алады", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также