08 қараша 2021 | 12:32

Бізде есірткі барондары жоқ, барлығы Telegramда - Тұрғымбаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында министрден есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұралды.

"Неліктен есірткіні ұйымдастырушылардан, өндірушілерден және сатушылардан бастап ұйымдасқан қылмысты анықтау және жолын кесу деректері жоқ? Сервистік полицияны енгізу аясында ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар нашақорлыққа, есірткі қылмысына қарсы күресте қоғаммен өзара іс-қимылдың қандай әдістерін жүзеге асырады",- деп сұрады депутат Осин.

Реклама
Реклама

Ішкі істер министрінің айтуынша, ІІМ 13 тонна есірткі тәркілеген.

"Бүгінгі таңда ІІМ 13 тонна есірткі тәркіледі. Мұнда өсу туралы айту мүмкін емес, анықтау туралы айту керек. Яғни статистиканы реттей аламыз. Мысалы, мен министр ретінде анықтау үшін тапсырма бермесем, бізде статистика төмендейді, бәрі жақсы болып көрінеді", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ІІМ басшысы синтетикалық есірткі "жаман нәрсе" екенін айтты.

"Бұған алғаш рет тап болдық. "Синтетика" жыл сайын өзгеріп отырады. Мен жыл сайын жаңа синтетикалық есірткі туралы өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысына ұсыныстар енгізетінімізді айттым", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

"Жаңа синтетикалық түрлер тыйым салынған тізімге енгізіледі, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қазір бізде есірткі барондары, сатушылар мен сатып алушылар жоқ. Барлығы Telegram арқылы желіде интернетке кетті. Telegram-чаттар Қазақстаннан тыс жерлерде орналасады", - деп хабарлады Тұрғымбаев.

Ол бұл мәселе ішкі істер министрлері кеңесінде талқыланғанын атап өтті.

"Есірткі сатушылар бойынша ақпарат алмасудың бірыңғай алгоритмі туралы шешім қабылданды. Өйткені қазір қолда ақша жоқ, қазір бәрі биткоиндерде, электронды түрде. Есірткі сатушылар басқа мемлекеттердің аумағында жұмыс істеп жатыр. Мұнда тарататындар бар, бірақ сатушылар елден тыс жерде", - деп толықтырды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная