"Бізде кадрлар болған жоқ" - Назарбаевтың тарихи жарлығы жарияланды

© tengrinews.kz мұрағатынан

Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 7 мамырда қол қойған ҚР Қарулы Күштерін құру туралы жарлығының құжаты жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде кадрлар болған жоқ, тәжірибе де болған жоқ. Егеменді Қазақстанның армиясы қандай болуы керек деген түсінік болған жоқ.

Осы жағдайда республика аумағында орналасқан барлық бөлімдерді, Орта Азия, Түркістан әскери округтерінен және Ауғанстандағы соғыстан шыққан 40-шы армиядан қалған бөлімдерді Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері деп жариялау туралы шешім қабылданды.

Мұндай Жарлыққа мен 1992 жылы 7 мамырда қол қойдым", - деген еді Елбасы 2007 жылы 7 мамырда ҚР Қарулы Күштерінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама