22 қазан 2022 | 11:41

"Біздің жол емес". Тоқаев маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайтынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландыру кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландыру кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ - Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру - мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жақында мен "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілдер - тірлік үшін" деп айттым. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас - ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар, деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

"Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды. Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл - біздің жол емес", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная