09 қаңтар 2022 | 15:12

"Біздің құралдармен от жаққан" - Mon Amie өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер туралы

Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Парфюмерия бизнесінің өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қандай шығынға түскенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парфюмерия бизнесінің өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қандай шығынға түскенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Mon Amie компаниясы бөлшек сауда желісі департаментінің басшысы Игорь Силантьев Алматыда парфюмерия желісінің 10 дүкені тоналғанын айтты. Әсіресе Республика алаңына жақын орналасқан Сәтбаев-Назарабаев көшелеріндегі, сондай-ақ, Asia Park және Maxima сауда және ойын-салуық орталығындағы дүкендер ауыр зардап шеккен. 

"Оларды тонап қана қаймай, түк қалдырмай жойған десе болады. Қалғандары жартылай тоналған. Тонаушылар танымал, люкс брендтерді алуға тырысқан. Литраж бойынша айтпағанның өзінде, құрал-жабдықтар, кеңсе техникасының 60-70 пайызы шығарылған. Камера жазбаларына қарағанда оны жасап отырған көбіне жастар мен жергілікті тұрғындар, біреудің есебінен олжалы болып қалғысы келгендер. Біз үшін бұл өте қорқынышты оқиға", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Mon Amie өкілі ең алғаш жасалған алдын-ала есеп бойынша, шығын 1,2 миллиард теңгеден асатынын айтып отыр. Кей жағдайда құрал-жабдықтар от жағу үшін шығарылғаны да белгілі болды. Игорь Силантьевтің сөзінше, түндегі қарақшылық әлі де бар. 9 қаңтарға қараған түні Жібек Жолы көшесіндегі дүкенге шабуыл жасалған. 

"Абырой болғанда қызметкерлер аман-сау, ешкім зардап шекпеді, полицейлер келді", - дейді ол.

Игорь Силантьев кей дүкенді қалыпқа келтіру жұмыстары біршама уақытқа созылуы мүмкін болса да, барлық қызметкері жұмыс орнын сақтайтынын айтты. 

Алайда Mon Amie дүкендері қашан ашылаты белгісіз. 

Бұған дейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал сомасы 92 миллиард теңгеден асқанын хабарлаған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная