ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2023 | 11:28
"Біздің судьялар осындай". Бұрынғы вице-министр Әбішев шағымын айтты
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев судьяның шешімі бойынша 20 миллион теңге болатын шот қойылғанын, соның салдарынан үйіне азық-түлік те сатып ала алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев судьяның шешімі бойынша 20 миллион теңге болатын шот қойылғанын, соның салдарынан үйіне азық-түлік те сатып ала алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кейбіреулерге казиноға ақшасы жетпейді, ал кейбіреулер үйіне азық-түлік сатып ала алмай отыр. Қазақстандық судья Әлкеновтің шешімі бойынша сот орындаушысы төлеуге 20 миллион теңге шот жазып берді. Сот орындаушыға хабарласып, бұл картаға жалақым түсіп отыратынын, отбасымдағы жалғыз табыс көзін сол карта арқылы алатынымды айттым. Ол судья Ибрагим Әлкеновтің бұйрығы деген жауап алдым. Міне, біздің судьялар осындай", - деп жазды ол Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, қазір үйіне азық-түлік сатып ала алмайды. "Әйтеуір, көршілерім ықылас танытып, қасиетті Рамазан айында жұбайым екеумізді ауызашарға шақырды", - дейді ол.
Еске салайық, Олжас Әбішев 2020 жылдың тамызында ұсталған болатын. Ол 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінде цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также