“Біздің юрисдикциямызға жатады“ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуров туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
“Біздің юрисдикциямызға жатады“ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуров туралы видео кадры

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдай сұралды. Еске салайық, Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін ол Қазақстанға келген еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдай сұралды. Еске салайық, Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін ол Қазақстанға келген еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер Нұрлан Сабуров Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген-жүгінбегенін сұрады.

"Менің білуімше, жүгінген жоқ. Соңғы уақытта, әсіресе соңғы үш күнде бұл мәселелермен айналысқан жоқпыз. Қазір негізгі мәселе - Таяу Шығыс және азаматтарымыздың елге аман-есен оралуына көмектесу", - деп жауап берді Әлібек Бақаев.

Реклама
Реклама

Министр орынбасарынан Сабуровтың Қазақстаннан кеткені рас па және егер ол елге қайта оралса не болады деген сұрақ қойылды. Себебі оған қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

"Бұл жөнінде ІІМ-нің көші-қон органдарына жүгінген дұрыс шығар, олар ішкі көші-қон мәселесі (қадағалайды - еск.). Мұндай сұраулар болған жоқ. Ол Қазақстан азаматы, сондықтан толықтай біздің заңнаманың юрисдикциясына жатады", - деді Бақаев.

Оның мәліметінше, Ресей билігі де Қазақстан СІМ-ге жүгінбеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама