ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2023 | 15:17
"Бізге ешкім ескерткен жоқ, концертке дайындалып жатырмыз". Семейдегі "Би-2" концертінің ұйымдастырушысы
Семейде өтеді деп жоспарланған "Би-2" концертінің ұйымдастырушылары шараға дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейде өтеді деп жоспарланған "Би-2" концертінің ұйымдастырушылары шараға дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 маусымда Қазақстан бойынша "Би-2" танымал тобының гастрольдік сапары Семей қаласына жоспарланған.
Tengrinews.kz тілшілері концертті ұйымдастырушылардың бірі Ольга Лимен телефон арқылы сөйлесті.
Оның айтуынша, топ Семейде жүр және концертке дайындалып жатыр. Әлі күнге дейін қала әкімшілігінен концерттің тоқтатылатыны туралы ресми ақпарат алмаған.
"Біздің ресми ақпарат көздерімізде әлі ештеңе шыққан жоқ. Мен бұл жайтқа түсініктеме бере алмаймын. Қазіргі уақытта біз монтаждау жұмыстарын жүргізіп және концертке дайындалып жатырмыз. Егер тоқтатылатын болса, қала басшылығы барлық міндеттемелерді өз мойнына алады. Олар нақты дәлелдерді көрсетсін сосын әртістерге және басқаларға жұмсалған шығындар туралы толық түсіндірсін. Концерт ертең болады. Бізге ешкім ескертпеді, қоңырау шалмады, хат жібермеді. Әртістер Семей қаласында орналасты", - деді гастрольді ұйымдастырушы Ольга Ли.
Айта кетейік, осыған дейін "Би-2" тобының музыканттары концертті ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, Абай облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты Семейдегі концерттен түскен қаражатты өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударатындығын мәлімдеді.
Осыған дейін Семей әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірген болатын. Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын айтты.
Еске салайық, Семей қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында концерттің тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Кейбір пікір жазушылар шенеуніктердің әрекетін сынға алды. Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также