БЖЗҚ қаржысы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға жұмсалады - Ақышев газ құбыры туралы

© iz.ru

"Сарыарқа" газ құбыры магистралінің құрылысы үшін 85 миллиард теңге сомасындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активі "АстанаГаз ҚМГ" АҚ облигациясына салынады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ақшаның нарықтық мөлшерлеме бойынша және нарықтық жағдайда берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәтті жоба деп есептеймін. Ол халықтың өмірін жақсарту үшін мемлекеттің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Экономикалық модельдің болжамынша, жоба өзін-өзі ақтайды. БЖЗҚ қаржысы азаматтардың өмірін жақсартуға, жағдайды жақсартуға кетеді - Қазақстанның солтүстік облыстарына газ жеткізіледі. Мұндай шешімдерді қолдау керек", - деді Ақышев Мәжілістің кулуарында.

Оның айтуынша, БЖЗҚ қаржысы нарықтық мөлшерлеме бойынша және нарықтық жағдайда беріледі.

Реклама
Реклама

"Бұл солтүстік облыстарда тұратын әрбір азамат өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезіну үшін қажетті жоба", - деді Ақышев.

Айта кетейік, газ құбыры магистралінің бірінші кезеңі Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана бағыты бойынша жүзеге асырылады. "Сарыарқа" газ құбыры магистралінің бірінші кезеңіне 267,3 миллиард теңге кетеді. "Сарыарқа" газ құбыры Қызылорда облысындағы Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры магистраліне қосылады деп жоспарланған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама