23 қазан 2020 | 16:57

Cенімді тірек атану - мүгедектігі бар жанның жеке көмекшісінің өмірінен бір күн

Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтына ынталандыру үшін жеке көмекші жалдау қызметі елімізде 2015 жылдан бастап ұсынылып келеді. Бүгінде мұндай қызметке 28,6 мың адам жүгініп отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтына ынталандыру үшін жеке көмекші жалдау қызметі елімізде 2015 жылдан бастап ұсынылып келеді. Бүгінде мұндай қызметке 28,6 мың адам жүгініп отыр.

Реклама
Реклама

Гүлсім Оторбаева - жеке көмекші. Оған өзінің күйеуі Ардақ үшін осындай маман атануға тура келген. Гүлсім оны әрдайым қолдап, жол апатынан кейін оған қамқор болып, емхана кереуетіне таңылмауы үшін барын салды. Бүгінде ерлі-зайыпты үш баланы тәрбиелеп отыр.

"Енді ресми түрде жеке көмекші атанып, жұмысым үшін ақы алу мүмкіндігіне ие болып отырғаным жақсы болды. Мұндай ұстаным әлеуметтік қызмет жүйесіне енгізілген бойда мен дереу жұмыспен қамту бөлімімен азаматтық-құқықтық келісімшарт жасасып, оған қол қойдым. Айтпақшы, мұндай қызмет әлемнің барлық елдерінде бола бермейді, десе де Қазақстанда мемлекет бізге осындай қолдау көрсетіп отыр", - дейді Гүлсім Оторбаева.

Ардақ Оторбаев - өте белсенді жан. Шөп басын сындырмастан өміріне шағым айту - оның ұстанымы еместігі анық. Мүгедектер арбасына амалсыз таңылған азамат еңсесін түсірместен, қоғамдық бірлестік ұйымдастырды.

Аталмыш бірлестік шағын өндірісті, оқыту курстарын және тірек-қимыл жүйесінде (ТҚЖ) патологиясы бар мүгедектердіқолдау бойынша көптеген іс-шараларды қолға алған. Ардақ Оторбаев басқаратын қауымдастық - "ДОС" тәуелсізөмір" орталығы" мүгедек жандарға арналған қоғамдық ұйымы. 

Орталық тұсында, сонымен қатар мүгедектер арбасын және басқа да оңалту құралдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған шеберхана жұмысі стеуде. Мұнда, дәл ТҚКС-ке (техникалыққызметкөрсетустанциясы) жүгінгендей арбаға диагностика, майлау және реттеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Жан жары Гүлсім әрдайым оның қасынан табылуда. Жеке көмекші ретінде ол жұбайына әдеттегідей қолдау көрсетіп, киінуге, арбаға отыруға көмектеседі, қажет болған жағдайда сақтандырып отырады.

"Бәрін жеке тәжірибемнен үйрендім. Бұған дейін білмегендерімді дәрігерлерден сұрап отырдым. Жарақатты қалай таңуға болады, науқасты қалай орнынан қозғауға болады. Ұзақ уақыт бойы белсенді қозғалыссыз жататын адамдардың бұлшық еттері әлсірейді, бұрылуға абайлап көметеспеген жағдайда, оның буынын зақымдап алуыңыз мүмкін", - дейді Гүлсім Оторбаева.

Жеке көмекшілердің есеп беруін жеңілдету үшін 2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен жеке көмекшіні алып жүру парағының бірыңғай нысаны енгізілді. Қызметтерге сағаттық төлемді есептеу тәртібі нақтыланған. 2021 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы маманның жұмысына қатысты кері байланыс пен өзге де сипаттамаларын негізге ала отырып "жеке көмекші" қызметіне жүгіну мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Жарнамалық материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная