ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2024 | 12:58
Charity Samruk Marathon 2024: қайырымдылыққа 125 миллион теңге жиналды
1 маусымда өткен "Charity Samruk Marathon 2024" марафоны Балаларды қорғау күніне орайластырылған елордалық ауқымды шараның біріне айналды. 1200 адам жүгіріп өткен бұқаралық спорт мейрамында 30-ға тарта компания мен жеке адамдардан 125 миллион теңге қаражат жиналды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1 маусымда өткен "Charity Samruk Marathon 2024" марафоны Балаларды қорғау күніне орайластырылған елордалық ауқымды шараның біріне айналды. 1200 адам жүгіріп өткен бұқаралық спорт мейрамында 30-ға тарта компания мен жеке адамдардан 125 миллион теңге қаражат жиналды.
Барлық түскен сома мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу үшін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады.
"Біз әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары ретінде инклюзия, денсаулық сақтау, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтерді назарда ұстап отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ірі жұмыс беруші ретінде салауатты өмір салтын қолдаймыз. Осы орайда, барша марафон қатысушыларына осындай қадам арқылы ерекше балаларға қамқорлық көрсеткендері үшін алғысымыды білдіремін. Күшіміз - бірлікте!", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Аталған игілікті іске бір ай бойы дайындалып, алдын ала қатысу жарнасын жіберіп, белсене аталысқан ересектер мен балаларға ұйымдастырушылар тарапы қолайлы жағдай қарастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ересектер 5-10 шақырым қашықтықта жүгірсе, балалар мен жасөспірімдерге 400 және 1000 метрлік қашықтықтар арналды.
Марафон соңы "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына ұласып, еріктілер мен қатысушылар жүгіру алаңы мен саябақ аумағын қоқыстан тазартты.
Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы 2024 жылдың бес айында инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет салалары бойынша 18 қайырымдылық жоба іске қосылды. Ал өткен жылы 46 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, жарты миллионнан астам азаматқа көмек берілді.
Samruk-Kazyna Trust ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также