Чехиялық теннисші қазақстандық Зарина Дияста кеткен есесін қайтаруды қалайды

Чехиялық теннисші қазақстандық Зарина Дияста кеткен есесін қайтаруды қалайды Петра Квитова. Фото zimbio.com

 Чехиялық теннисші Петра Квитова Зарина Диястан кеткен есесін алуды қалайды деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұдан бұрын қазақстандық теннисші Зарина Диястың "Ролан Гаррос" турнирінің бірінші айналымында Петрой Квитовамен теннис ойнайтыны мәлім болған, жеребе тарту барысында Чехияның теннисшісі Квитова қазақстандық теннисшімен ойынға түсуге жүрексінетінін айтқан болатын.

"Мен "Ролан Гаррос" ойындарында үнемі күйгелектікке түсемін. Мен үшін сабырға келу өте маңызды. Заринамен Прагада өткен ойында ойнағанмын, енді одан сол кездегі есемді қайтарғым келеді" дейді Квитова.
Еске салайық, Дияс пен Квитова 2009 жылы Прагадағы теннис турнирінде кездескен болатын. Ол сәтте екінші ойында 15 жастағы Дияс қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтқан.

Реклама
Реклама

Осы жолы "Ролан Гаррос" турнирінің жеребе тастауы Парижде 23 мамырда өтті. Турнир туралы нақты мәліметтерді мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама