ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2020 | 10:27
COVID-19: 3 мыңнан аса медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
COVID-19-бен күресуге жұмылған 3 841 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлем
"5 қазан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 3 841 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көбі Нұр-Сұлтан (759) және Алматы (427) қалалары және Қарағанды (404), Шығыс Қазақстан (298), Батыс Қазақстан (261), Ақмола (256) облыстары бойынша жүргізілді", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также