22 сәуір 2021 | 13:32

COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы өңірлерге жіберілді

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Гвардейский зауытында коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді. Олар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкентке жеткізіледі, сол жерден Қазақстанның басқа өңірлеріне шығады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гвардейский зауытында коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді. Олар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкентке жеткізіледі, сол жерден Қазақстанның басқа өңірлеріне шығады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық вакцинаның жасалуы елімізге коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын әзірлеген әлемнің бес еліне кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халық денсаулығы мәселесі емес, отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикада заманауи технологияларды практикада қолданудың, мемлекет беделінің дәлелі", - деді Ералы Тоғжанов.

Тоғжановтың айтуынша, зауыт жыл соңына қарай жұмысқа толық күшін салады.

Реклама
Реклама

"Орташа есеппен айына 500 мың дозада шығады. Ол кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бүгін 50 мыңын жөнелттік. Мамырда тағы 50 мың, содан кейін 100 мың, сосын 500 мың жоспарланып отыр. Бұл өте күрделі нысан. Халықаралық талаптар, стандарттар бар. Ең алдымен, ғимараттың өзі тексеріледі, содан кейін барлық жабдық тексеріледі, одан ары 28 сәуірде жеткізілетін құю жабдықтары іске қосылады. Пайдалануға берілетін әрбір жабдық халықаралық стандарттар бойынша валидацияланады", - деді вице-премьер.

Ол вакцинаның субстанциясын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институттары әзірлейтінін айтты.

Қазақстандағы зауыт толық іске қосылғанша, қазақстандық вакцина Түркияда құйылады.

Қазақстандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады.

"Белсенді емес вакцинаның артықшылығы - вакцинаға негізделген ауруларды тудырмайды. Сонымен қатар, QazVac вакцинасын жеткізу үшін күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет емес, ол тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная