ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2020 | 13:57
COVID-19 жұқтырған астаналық науқастардың көбінен қант диабеті, жүрек ауруы анықталған
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты.
"Толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды.
Жасы шамасы бойынша: 40-50 жас аралығында 2 адам, 50-ден 60 жасқа дейінгі 4 адам, 60 жастан жоғары 8 адам.
Науқастардың көпшілігінде қант диабеті, гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек ауруы, қатерлі ісік, сондай-ақ зат алмасуының бұзылуы сияқты жанама аурулар анықталды", - делінген хабарламада.
"Сонымен қатар, дәрігерге кеш қаралу, өзін-өзі емдеу жағдайлары науқас денсаулығының нашарлауына әкеп соқтырды.
Науқастар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр.
Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған", - деді Сәуле Қисықова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также