23 желтоқсан 2020 19:03

COVID-19 жұқтырған жүкті әйел ұшақпен шалғай ауданнан Оралға жеткізілді

Санавиация Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданынан Оралға COVID-19 жұқтырған жүкті әйелді жеткізді. Ұшақ 600 шақырымнан аса қашықтықты ұшып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санавиация Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданынан Оралға COVID-19 жұқтырған жүкті әйелді жеткізді. Ұшақ 600 шақырымнан аса қашықтықты ұшып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы науқасты тексеру үшін ауданға аттанған. Әйелді тасымалдау кезінде арнайы қорғаныс капсуласы қолданылған.

Реклама
Реклама

"Әйел жүктіліктің 19-шы аптасында. Біз қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Науқасқа оттегі терапиясы қажет емес, өзі тыныс алады", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

39 жастағы науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Сарапшылар оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалады. Дәрігерлер әйелдің төрт бала тәрбиелеп отырғанын айтады.

"АН-2 ұшағы пайдаланылды. БҚО-ның шалғай аудандарында аэродромдар жоқ екенін атап өткім келеді. Сондықтан күз-көктем кезеңінде ұшақты қондыру қиын", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Мадияр Өтешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram