21 қазан 2020 17:42

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар қай елдерден ұшып келгені айтылды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған 19 қазақстандықтың қайдан келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бақылау күшейтілді. Осы кезеңнен бастап елге 74 мыңға жуық адам автомобильдермен келді. Олардың алты мыңға жуығы анықтамасыз болды, сондықтан олар екі күндік карантинге жатқызылды. Олардың ішінде коронавирустық инфекцияның 122 жағдайы тіркелдген.

Реклама
Реклама

Осы кезеңде халықаралық әуе рейстерімен 34 мыңнан аса жолаушы келген. Анықтамасыз алты мың адам болған.

"Олар ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін карантиндік стационарларға орналастырылды. Түркия, БАӘ, Беларусь, Ресей және Мысырдан келген жолаушылар арасында 19 оң жағдай анықталды", - деп хабарлады Есмағамбетова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram