07 маусым 2021 | 11:17

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар оқшаулау режимін бұзғаны үшін жазаланады

Фото: gov.kz

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігімен коронавирус жұқтырған науқастар мен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелер бекітілгенін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылдың 10 маусымында күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығына сәйкес, оқшаулау режимін бұзғандар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Карантиндегі науқастың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жаза қолдануға себеп болады.

Реклама
Реклама

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған адамға 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықты карантин талаптарын сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұл қауіпті жұқпалы вирустың таралуын бақылауға мүмкіндік береді деп үміттенеді", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная