Дағдарысқа қарсы шараларға 1,8 триллион теңге бөлінеді

Дағдарысқа қарсы шараларға ұлттық қордан 1,8 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Дағдарысқа қарсы шараларға ұлттық қордан 1,8 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінетін қаржы көлемі – 4 триллион теңгеден астам. Шығындар 2,1 триллион теңгесі республикалық бюджеттен және инфрақұрылымдық облигациялар есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ұлттық қордан бөлінетін кепілдік трансфері 1 триллион 825 миллиард теңгеге өседі", - деді министр "Хабар 24" телеарнасының эфирінде өткен брифингте.

Осы орайда ол "ұлттық қордан ақша бөлінбейді" деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

Реклама
Реклама

"Коронавирус тақырыбына арналған брифингтің бірінде ұлттық қордың қаржысы пайдаланылмайды деп мәлімдеген едім. Сіздерді жаңылыстырдым. Бұл мәлімде орынды болған жоқ. Сіздерден кешірім сұраймын", - деді Дәурен Абаев.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама