06 қараша 2019 | 14:56

Дәленов: Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасына ұсынылатын шаралар қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасына ұсынылатын шаралар қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, Жол картасының екінші бесжылдығын іске асыру жылдары нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Осы жылы қабылданған шаралардың негізінде Қазақстан Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінде 25-орынға ие болды. Бұл рейтинг бойынша еліміз 2015 жылмен салыстырғанда 16 позицияға көтерілді. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,4 пайызға дейін артты.

Реклама
Реклама

 "2015 жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 400 мыңға ұлғайып, 1,3 миллион құрады. Сондай-ақ, ШОБ жұмыспен қамтылғандардың саны 300 мыңға өсіп, 3,3 миллион адамды құрады", - деді ҚР ұлттық экономика министрі.

Дәленовтің айтуынша, Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге тиісті қолдау шаралары көрсетіледі. Олардың қатарында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиелерге кепілдік беру, мемлекеттік гранттар ұсыну, кәсіпкерлерді оқыту, инфрақұрылым жүргізу бар.

Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 282 миллиард теңге бөлінді. 

"Соның нәтижесінде 16 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері қаржыландырылды, 100 мыңнан астам кәсіпкер оқытылды, 15,5 триллион теңгеге өнім өндірілді, 1 триллион теңге шамасында салық төленді", - деді Руслан  Дәленов.

Бұған қоса, Бағдарлама бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарлама қатысушылары 7,1 пайызбен несие ала алады. Несиенің максималды қолжетімді сомасы - 2,5 миллиард теңге. 60 миллион теңгеге дейін кепілдік беріледі, сонымен қатар 3 миллион теңгеге дейін өтеусіз грант ұсынылады.

Азаматтарды бизнес негіздеріне оқыту шаралары қарастырылған. Бағдарлама шеңберінде консультациялар алуға болады. Бұдан өзге, оқыту мен тағылымдамадан өту қарастырылған.

"Бағдарламаның осы екінші бесжылдығын іске асыру жылдарында 120 мыңға жуық кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды. 9 мыңнан астам кәсіпкердің несиелері субсидияланды, 5 мыңнан астам кәсіпкерге кепілдік ұсынылды және 100 мыңнан астам азамат бизнесті жүргізу бойынша және кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 2 мыңға жуық грант берілді, 165 жобаға инфрақұрылым жүргізілді", - деді Дәленов. 

"Бизнестің жол картасы - 2020" шаралары осы жылы аяқталады. Сондықтан бағдарламаның жаңа жобасы әзірленді.

ҚР ұлттық экономика министрінің айтуынша, жобада мақсаттар мен міндеттер сақталған, қолдау құралдары жетілдірілген. Олардың тиімділігі мен қолжетімділігі артты.

Айналым қаражатын несиелеу көлемі 60-тан 360 миллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Қаржыландырудың қолжетімділігі арттырылуда. Бұл үшін микроқаржы ұйымдардың несиелерін субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі.

Бағдарлама қатысушыларына жұмыспен қамту және салық түсімдерін арттыру талабы жетілдірілді.
Кәсіпкерлерді әр сатыда сүйемелдеу күшейтіледі. Бұл - оқыту, несие және қолдау алу үшін тиісті құжаттарды дайындау және тауарларды өткізу жолдарын ұйымдастыру.

Айта кетейік, шағын және орта бизнестің үдемелі дамуы экономиканың сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіледі және рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ынталандыру шаралары қабылдануда.

"Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру, бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың үштен бірінен астамы шағын және орта бизнеске тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес жалпы ішкі өнімінің жартысын құрайды", - деп түйіндеді министр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная