02 қыркүйек 2020 09:43

Дәленов кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Фото: elements.envato.com

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнеске көмектесу шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнеске көмектесу шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, әрі түпкілікті жылдық мөлшерлемелері 6 пайызға дейін жеткізіледі. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтиды", - деді министр.

Реклама
Реклама

Дәленовтің айтуынша, бизнес ахуалды жақсарту үшін шаралар кешені қабылданады.

"Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешені қабылданады. Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талаптарды қайта қарау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді. Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар қабылданады", - деді ол. 

Сондай-ақ ол қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасатынын атап өтті. Тұтастай алғанда бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35 пайызға дейін және шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты жолдауында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram