18 мамыр 2023 | 09:36

Damumed деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Damumed деректер қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Damumed деректер қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және тағы басқа ведомство басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыста денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылды. Бүгінде нарықтың 80 пайыздан астамын "Даму" АТО" ЖШС-іне тиесілі Damumed жүйесі қамтиды. Республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайлар туғызып, салдарынан қазақстандық медициналық ұйымдар бір медициналық ақпараттық жүйеден басқасына ауысқанда қиындықтарға кезігіп отыр.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты "Даму" АТО" ЖШС Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның биылғы жылдың 27 сәуіріндегі тапсырмасын орындау аясында "Е-Денсаулық" жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін «Damumed» деректер қорын Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Бұл үшінші тараптағы қызмет ұсынушылардың медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов "Е-Денсаулық" жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саладағы реттеудің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық түзетулер дайындау қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram